СҚО-да қысқа жемшөп әзірлеу жұмысы аяқталуға жақын

Солтүстік Қазақстанда қысқа жемшөп әзірлеу жұмысы аяқталуға жақын. Бүгіндері шөптің 93 пайызға жуығы дайындалса, пішенді әзірлеу бойынша жоспар асыра орындалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл аймағымызда жемшөп алқабы 368 мың гектарға  ұлғайған. Мұны өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары  басқарманың басшысы мәлімдеді. Мейрам Меңдібаевтың айтуынша, қыстан қысылмай шығу үшін 940 мың тонна шөп, 211 тонна пішен қажет. Қазіргі уақытта шөптің 92,9% дайындалса, пішен 108,4% әзірленді.

«Мал азығын дайындау өңіріміз үшін өзекті мәселе болғандықтан біз күнделікті мониторинг жүргіземіз.  Арнайы жедел штаб құрылған. Шаруашылықтар қысқа әзірлікті штатты түрде өткізіп жатыр», – деді Мейрам Меңдібаев.

Тағы оқыңыз: QR- код арқылы домофон ауыстыруға болады деген жалған ақпарат тарап жатыр

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x