Петропавлдағы «Qyzyljar» эко-паркінде World Cleanup Day — Дүниежүзілік тазалық күніне арналған экологиялық акция өтті. Қала тұрғындары саябақ аумағын тазалап, 120 көшет отырғызды. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, белсенділер, спортшылар, ардагерлер, оқушылар мен тұтас отбасылар қатысты, деп жазады Qazaqstan Media.

Акция барысында тұрғындар саябаққа жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың көшеттерін отырғызды. Көпшілік бұл күнді жай ғана сенбілік емес, отбасы үшін есте қаларлық сәтке айналдырды. Кейбірі саябаққа өздерінің «отбасылық ағашын» екті. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Таза Қазақстан» акциясы өңір тұрғындары үшін жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті.

Петропавлдықтар Дүниежүзілік тазалық күнін отбасымен қарсы алды
Петропавлдықтар Дүниежүзілік тазалық күнін отбасымен қарсы алды

«Таза Қазақстан” акциясы жақсы дәстүрге айналды. Тұрғындар ағаш отырғызуға, сенбіліктерге белсенді қатысып жүр. Бүгін де облысымызға танымал азаматтар, Зенченко және Қаражұмановтар отбасылары, ардагерлер келді. Бұл — жастарға жақсы үлгі. Табиғатты қорғау, тазалықты сақтау әрқайсымыздың міндетіміз. Қазір бүкіл облыста сенбіліктер мен экологиялық акциялар өтіп жатыр», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Бұл күн Жансая Кәкімова үшін де ерекше болды. №28 жалпы білім беретін мектептің оқушысы дәл осы күні 16 жасқа толды. Туған күнін ол ата-анасы және інісі Саятпен бірге экоакцияда қарсы алып, отбасылық ағаш отырғызды.

Петропавлдықтар Дүниежүзілік тазалық күнін отбасымен қарсы алды
Петропавлдықтар Дүниежүзілік тазалық күнін отбасымен қарсы алды

«Осындай ауқымды акцияға алғаш рет қатысып тұрмын. Бір жағынан толқып тұрмын, бір жағынан өте қуаныштымын. Осындай әдемі саябақта біздің отбасымыздың ағашы өсетін болады. Бізге ұсыныс түскенде бірден келістік. Інім Саят та қолдады. Енді біз де осы үлкен акцияның бір бөлігіне айналдық», — дейді Жансая Кәкімова.

Дүниежүзілік тазалық күні аясында Петропавл бойынша барлығы 1227 көшет отырғызылды. Сенбілік пен экологиялық шараларға 6 мыңнан астам тұрғын қатысты.

Петропавлдықтар Дүниежүзілік тазалық күнін отбасымен қарсы алды
Петропавлдықтар Дүниежүзілік тазалық күнін отбасымен қарсы алды

Акция соңында қатысушылар үшін мерекелік концерт, суретшілердің көрмесі және қолөнершілердің шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

Петропавлдықтар Дүниежүзілік тазалық күнін отбасымен қарсы алды
Петропавлдықтар Дүниежүзілік тазалық күнін отбасымен қарсы алды

Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *