Петропавлда жаппай жүгіру жарысы өтті. Шара Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Спортты жанына серік еткен ұл-қыздар «Тұңғыш Президент» саябағына жиналды. Петропавлда жастар арасында жаппай жүгіруден жарыс өтті. Шара Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған. Қатысушылар демалыс орнының бойымен 1 шақырым жолды жүгіріп өтуі тиіс.
«Мұндай шаралар арқылы жастар өздеріне жаңа таныс, жаңа дос табады. Сонымен қатар, Отан қорғаушыларға деген құрметімізді білдіреді. Алдағы уақытта әр мереке сайын осындай жаппай жүгіру жарыстарын ұйымдастырмақ ойымыз бар», — СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы Айгүл Сәрсенбаева.
Шараға барлығы 100-ден астам жас қатысты. Алдымен жарыс жолына қыздар шықты. Бірі белгіленген қашықтықты еңсере алмаса, енді бірі мәреге жету үшін барын салды. Ал жігіттер арасында талас-тартыс қызу жүрді. Барлығы бір-бірінен қалыспады. Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.

«Өз басым салауатты өмір салтын ұстанамын. Бокспен айналысып жүргеніме 5 жылдан асты. Жүгіруді жаным сүйеді», — деді Қозыбаев университетінің студенті Мақсат Кенжалы.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 23 бас малды қолды қылған топ құрықталды

