Петропавлда облыстық энергетика жіәне түкш бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты

Петропавлда облыстық Энергетика, тұрғын үй коммуналдық басқармасының бұрынғы басшысы және оның сыбайластарына қатысты сот үкімі шықты. Экс-шенеунік Бахыт Ілиясовқа ірі көлемде пара алған, пара берген және бюджет қаржысын талан-таражға салған деген айып тағылған болатын. Ол облыстық энергетика, тұрғын үй коммуналдық басқармасының бұрынғы басшысы, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бүгін Петропавлда облыстық Энергетика, тұрғын үй коммуналдық басқармасының бұрынғы басшысы және оның сыбайластарына қатысты сот үкімі шықты.Естеріңізге сала кетейік,экс-шенеунік Бахыт Ілиясовқа ірі көлемде пара алған, пара берген және бюджет қаржысын талан-таражға салған деген айып тағылған болатын. Жауапқа тартылғандардың тағы бірі қалалық әкімдіктің меншігіндегі «Коммунхоз» серіктестігінің директоры Жандарбек Айтпаев. Қалған екі сотталушы жол салумен айналысқан «Даму 2013» серіктестігінің басшысы Серік Шайымов пен «Астана Жол қызмет» компаниясы директорының орынбасары Рүстем Махмұтұлы.Сот үкімі бойынша Бахыт Ілиясов 8 жылға,оның сыбайластары 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

«2020 жылы Бахыт Ілясов қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімін басқарып тұрған кезде жолдарды жөндеуге «Коммунхоз» кәсіпорнымен келісім-шарт жасасқан. Ал аталған серіктестік өз міндетін басқа мердігерге жүктеген. Тиісті компанияны таңдау мемлекеттік сатып алу рәсімінсіз жүргізілген. Ал 2021 жылдың басында сотталушылар бюджет қаржысын жымқыруға сөз байласқан. Айыптаушы тараптың сөзінше Ілиясов қосалқы мердігер компания өкілдерінен пара алған. Махмұтұлы алғыс ретінде Ілиясовты және басқа сотталушыларды курорттық аймақта демалысқа шақырған»,-деп жазылған істе.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x