Петропавлдық мұғалім «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» медалімен марапатталды

Cолтүстік Қазақстан облысының ұстазы Қапезова Айжан Байкенқызы кәсіби мерекесі күні «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі
Білім саласындағы аса беделді марапатты жерлес ұстазымызға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады. Бүгін 5 қазан күні Астана қаласында Президенттің қатысуымен республикалық педагогтерінің съезді өтіп жатыр. Шараға біздің облыстың атынан 22 мұғалім делегат болып барды.
Айжан Капезова өмірінің 40 жылдан астам уақытын педагогика саласына арнап, көп жыл қатарынан Петропавл қаласының Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып істеп келеді. Бүгінге дейін 235 шәкіртті тәрбиелеген ұлағатты ұстаз. Араларында облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары баршылық.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x