Ауыл кәсіпкерін ауылдасы мен нашақор сыбайласы тонап кеткен

Облыс аудандарының бірінде қылмыскерлер кәсіпкердің үйінен алты миллион теңге ұрлады, деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі.

Полицейлердің айтуынша, ауданда тұратын кәсіпкер тауар алу үшін Петропавлға барады. Ал, үйіне  оралғанда келіншегі  пәтер ұрлығы туралы хабарлаған. Көршілес үйлердің бірінен түсірілген жалғыз бейнежазбадан ұрыны анықтау мүмкін болмапты.  Полицейлер қылмыстың таңертең жасалғанына назар аударады. Бұл уақытта көбіне пәтер тонаушылар жүре қоймайды. Тек, таңертең сол уақытта үйде ешкім болмайтынын білетін адам ғана ұрлыққа түсуі мүмкін.  Жәбірленуші сол ауылдың 44 жастағы тұрғыны өзімен бірге қалаға барғанын айтады. Жолда жолаушы бірнеше рет біреуге қоңырау шалған. Полицейлер анықтағандай, оның сұхбаттасушысы 37 жастағы есірткіге тәуелді Петропавл қаласының тұрғыны екен. Ол мүліктік қылмысы үшін бұрындары істі болған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның ұрлық жасауға қатысы анықталды. Сондай-ақ, жәбірленушінің серігі ауыл тұрғыны қылмыскермен сөз байласып, оған кәсіпкердің үйіне кеңес беріп, оның әрекетін үйлестіргені анықталды. Сот тергеудің дәлелдерін сенімді деп тауып, қатысушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі бойынша жаза тағайындады. Үкімге сәйкес, ауыл тұрғыны- 6 жыл, ұрлық жасаушы — 9 жыл бас бостандығынан айырылды», — деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Тағы оқыңыз: Президент ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x