Өңір ұстаздарына құрмет көрсетілді

Кәсіби мерекелеріне орай өңірдің 1000-ға жуық білім саласының үздігі алғыс хатпен марапатталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Кәсіби мерекесіне орай марапатталғандандың бірі- Данагүл Ескожина. Ол Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектебінде  2 жылдай әлеуметтік ұстаз болып қызмет атқарып келеді.  Бүгінде ол аз қамтылған, көп балалы отбасылар санатындағы балалардың құқықтарын қорғап, қоғамнан өз орнын табуына ықпал етіп жатыр .

“Бүгінгі ұстаздар ұйымына арналған үлкен мерекелік іс –шараға қатысып отырған барлық ұстаздарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын.  Ұстаздық – ол қиын да, қызықты жол. Ұстаз мамандығын таңдаған адам, ол өз өмірінде ең керемет мамандықты таңдады деп ойлаймын. Бүгінгі төл мерекеміз баршамызға құтты болсын!”,-деді Данагүл Рахатқызы.

Айта кетейік, биылдан бастап елімізде қазанның бесі ресми түрде ұстаздар күні болып бекітілді. Кәсіби мерекелеріне орай өңірдің 1000-ға жуық білім саласының үздігі алғыс хатпен марапатталды.


“Бүгін – мұғалімдердің кәсіби мерекесі. Бәрімізге белгілі мемлекет басшысы көктемде біздің мұғалімдердің мәртебесін көтерді.  Сондықтан Петропавл қаласында өткізілетін  игі шаралар қатарына біз бесінші рет өткізген акция да енді. Біз ұжым болып өңіріміздің тәжірибелі, білікті мұғалімдерін құттықтауды ұйғардық. Қала  тұрғындарының бастамасымен оларға он бес мың көлемінде ақшалай сыйлық тарту етіліп,  алғыс хаттар табысталды. . Сондықтан біз бұл маңызды жобаға қолдау білдіруден  бас тартпай, оны іс жүзінде жүзеге асырып жатырмыз.”,-дейді “Мен Алматылықпын” ҚБ басшысы Саида Таукелева.

Тағы оқыңыз: Петропавлда облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x