[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/777.jpeg» align=»center» admin_label=»Image» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлем чемпионы Ербол Хамитовқа пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, солтүстікқазақстандық Ербол Хамитов жақында Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиатлоннан өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Жерлесіміз парашаңғы жарысында алтыннан алқа тағынды. Ал парабиатлон жарысында қос қоланы қанжығаға байлады. Осылайша, қазақстандықтар сапынан жалғыз өзі жеңіс тұғырынан көрінді. Бүгін аймақ басшысы ел мерейін асырған чемпионмен кездесіп, 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

«Ербол – Қазақстанның спорт деңгейін көтеріп, бүкіл әлемге танытқан азамат. Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Тынымсыз дайындықтың, төккен тердің арқасында келді. Ербол, сізді жеңісіңізбен құттықтаймын. Биік белестерді бағындыруға тілектеспін! Ата-анаңызға, жаттықтырушыларға алғыс білдіремін! Біз спортшыларымызды қолдауды жалғастырамыз»,- деді Айдарбек Сапаров.

Қоса кетейік, парашаңғы мен парабиатлоннан өткен әлем чемпионатында Ербол Хамитовтан бөлек, Александр Герлиц, Сергей Усольцев және Денис Зинов сынды жерлестеріміз де бақ сынады.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x