[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/63da099716d73908941198-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Бүгін елімізде жеңілдетілген автонсеие алуға өтінім беру басталады. Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де жүргізіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жеңілдетілген автонесиеге өтінім беру үшін www.autonesie.kz сайтына кіріп, электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізу қажет. Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасының шарттары:

  • бір автокөліктің құны 15 млн теңгеден аспайды;
  • қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден артық емес;
  • қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;
  • бастапқы жарна – 0 пайыз.

Жеңілдетілген несие алатын адамның өтінімі мақұлданса, компаниялар 60 күн ішінде автокөлікті жеткізуі тиіс. Қазақстандықтардың өтінімдері үш жағдайда ғана
қабылданбайды. Біріншіден, осыған дейін бағдарлама аясында несие алса, екіншіден платформада осы адамның өтінімі бұған дейін енгізіліп, қарастыру кезеңінен өтіп жатса, жаңа өтінімді қосу мүмкіндігі болмайды. Үшіншіден, бағдарламаға қатысып жатқан банкте қаражат лимиті таусылса, өтінім қабылданбайды. Өтінімді тексеруге тиісті уақыт керек болады. Осыдан кейін сайттағы «жеке кабинетте» өтінім мақұлданып, бағдарламаға қатысатындар пулына адамның қосылғаны туралы хабарлама келеді.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x