Солтүстікқазақстандық боксшы Наталья Богданова Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады. Спортшы биылғы сары құрлық додасына жаңа салмақ, яғни 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Наталья Богданова жарысты бірден ширек финалдан бастады. Бұл кезеңде отандасымыз Өзбекстан өкілі Азиза Зокировамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы қарсыласынан басым түсіп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды.
Наталья бірінші раундта қарсыласына есе жіберді. Бірақ, қалған кезеңдерде ерік-жігерінің арқасында жеңісті жұлып алды. Осылайша Наталья Богданова Азия ойындарының жартылай финалына шықты.
Енді оның қарсыласы Үндістан құрамасының өкілі Ловлина Боргохайн болады. Жартылай финалдық кездесу 30 қыркүйекке жоспарланған.
Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/zhyl-basynan-petropavl-sayazhajlarynla-15-urlyq-tirkelgen/

