Жыл басынан бері Петропавлдың саяжай қоғамдарында 15 ұрлық тіркеліп, оның 14-і ашылды. Қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен жеті қала тұрғыны ұсталды. Бұл туралы саяжай қоғамдарының төрағаларымен өткен кездесуде айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жыл басынан бері Петропавл маңындағы саяжайларда ұрлық жасаған жеті күдікті ұсталыпты. Полиция мәліметінше, саяжайларда ұзақ уақыт болатын тұрғындар санының азаюы ұрлық санын арттырады. Сондықтан бөтен мүліктің сақталуына ерекше мән беру қажет.

Жыл басынан Петропавл саяжайларынла 15 ұрлық тіркелген
Жыл басынан Петропавл саяжайларынла 15 ұрлық тіркелген

Кездесуде полиция қызметінің басшылары интернет-алаяқтық пен есірткі қылмыстарының алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және саяжай аумақтарындағы қоғамдық тәртіп мәселелерін талқылады. Тұрғындарға бөгде адамдар мен бейтаныс көліктерді байқаса, полицияға дереу хабарлау ұсынылды. Сондай-ақ саяжай қоғамдарының техникалық қауіпсіздігін күшейту және күзет жүйесін жетілдіру мәселесі көтерілді.

«Шарада саяжайларға апаратын жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі сөз болды. Тұрғындар жол белгілерін орнату жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Аталған мәселелерді полицияның бейінді қызметтері қарастырады», — деп жазды СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/awylgha-zhanashyr-kaesipker/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *