Петропавл қаласының тұрғыны діни алауыздықты қоздырды деген айыппен 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Stan.kz мәліметінше, сот алдында 50 жастағы Арман Ахметов жауап берген. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол әлеуметтік желіде бірнеше рет діни алауыздықты қоздыруға бағытталған жазбалар жариялаған.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы ислам дініне қатысты қорлайтын пікірлер айтып, Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізетін жазбалар жариялаған. Сот барысында айыпталушының мүддесін екі адвокат қорғады. Қорғау тарапы қосымша соттық дінтану сараптамасын тағайындауды сұрағанымен, сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Сонымен қатар прокуратура сотталушымен процестік келісім жасау туралы ұсыныстан бас тартты. Нәтижесінде сот Арман Ахметовті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің діни алауыздықты қоздыруға қатысты бабы бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: СҚО ең төмен жалақы төленетін өңірлердің қатарында қалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *