2025 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы орташа айлық жалақы ең төмен өңірлердің қатарынан көрінді, деп хабарлайды Qazaqstan Media Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап.

Өңірдегі орташа атаулы айлық жалақы 326 679 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша СҚО тек Түркістан облысынан (318 990 теңге) ғана жоғары. Сондай-ақ төмен жалақы тіркелген өңірлер қатарына Жамбыл (327 401 теңге) және Жетісу (332 203 теңге) облыстары кірді.

Ал республика бойынша орташа атаулы айлық жалақы 443 315 теңгеге жетіп, бір жылда 9,3%-ға өскен. Дегенмен инфляция әсерінен қазақстандықтардың нақты табысы 1,8%-ға төмендеген.

Ең жоғары орташа жалақы Маңғыстау (623 059 теңге), Атырау (613 062 теңге) облыстары мен Астана қаласында (594 164 теңге) тіркелді.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгені құрайды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қоныс аударушыларға баспана алу үшін 7 млн теңгеге дейін төленеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *