Kozybayev University ғалымдарының жаңа ғылыми әзірлемесі жақын арада Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында сынақтан өтеді. Бұл мәселе «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының облыстық филиалында өткен жұмыс кездесуінде талқыланды, деп жазады Qazaqstan Media. 

Университеттің «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Юлия Бызова ескі АГ-4И герметигін асфальт құрамына қосу жобасын таныстырды. Ғалымдардың айтуынша, өндірістік қалдықты қайта пайдалану жол жамылғысын берік етіп, суға төзімділігін арттыруға және қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысында жаңа технологияны іс жүзінде сынақтан өткізу туралы келісімге келді. Ол үшін «ҚазАвтоЖол» облыстық филиалы тәжірибелік жол учаскесін анықтайды.

Алдымен мамандар асфальт қоспасын зертханада тексереді. Бұл жұмыстарды Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы тегін жүргізеді. Егер нәтижесі оң болса, жаңа қоспа таңдалған жол бөлігіне төселеді. Кейін мамандар жолдың жағдайын бақылап, технологияның тиімділігін бағалайды.

Мамандардың айтуынша, бұл жоба университет ғалымдарының ғылыми зерттеулерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беріп, жолдардың сапасын жақсартуға ықпал етуі мүмкін.

Тағы оқыңыз: СҚО ең төмен жалақы төленетін өңірлердің қатарында қалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *