Шал ақын ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау жалғасуда. Жергілікті атқарушы органдар мен учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар және кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Рейдтер барысында тұрғындар мен кәсіпкерлерге аумақтарды абаттандыру және күтіп-ұстау қағидаларын сақтау қажеттігі түсіндіріліп, профилактикалық әңгімелер өткізіледі.

2026 жылдың басынан бері аудан бойынша 122 профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілген. Абаттандыру қағидаларын сақтау қажеттігі туралы 138 ескерту хабарламасы табысталды. Сонымен қатар, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 15 материал тіркелді. Түсіндіру жұмыстары жүргізілгендердің қатарында 40 жеке кәсіпкер бар.

Шал ақын ауданында абаттандыру талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары күшейтілді
Шал ақын ауданында абаттандыру талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары күшейтілді

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдарға абаттандыру қағидаларын бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасап, әкімшілік жаза қолдану өкілеттігі берілген.

Осындай жұмыстар Шал ақын ауданының ауылдық округтерінде де жүйелі түрде жүргізілуде. 2026 жылдың маусым айынан бері  23 ескерту беріліп, екі құқық бұзушылық фактісі бойынша әкімшілік айыппұл салынды.

Аудан әкімдігі тұрғындарды өз аулалары мен іргелес аумақтардың тазалығын сақтауға жауапкершілікпен қарап, елді мекендердің көркеюіне белсенді үлес қосуға шақырады. Абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Тағы оқыңыз: Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізген Петропавл тұрғыны 6 жылға сотталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *