Миллиондап қаржы жымқырған: СҚО прокурорлары мектепке дейінгі ұйымдарда тексеріс жүргізді

СҚО прокурорлары бірнеше аудандағы мектепке дейінгі мекемеден бюджет қаржысын ұрлау фактісін анықтады. Заң бұзушылық Айыртау, Тайынша мен Аққайың аудандарында тіркелді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Айыртау ауданындағы мектепке дейінгі мекемеде 11,2 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды. Заң бұзушылықты облыс прокурорлары кезекті тексеріс барысында анықтаған. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша аудандық қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Осындай заң бұзушылық Аққайың, Тайынша аудандарының мектепке дейінгі мекемелерінде де анықталған. Олар мемлекеттік тапсырыс туралы заң талаптарына қайшы әрекет жасап, себепсіз іс жүзінде бақшада болмаған балаларға қызмет көрсету үшін ақы төлеген. Салдарынан 17 млн теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған.

«Облыстағы барлық дерлік балабақшаларда өрт және санитарлық қауіпсіздік талаптарының жүйелі түрде бұзылуы анықталды. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 11 лауазымды тұлға тәртіптік және 32-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 17 млн теңге сомасындағы бюджет қаражаты өтелді, бұзушылықтар жойылды», – делінген облыстық прокуратура таратқан ақпаратта.

Жалпы, жыл басынан бері прокуратура кәмелетке толмаған 15 мың баланың құқығын қорғап, 300-ден астам лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тартқан. Қадағалау органы кәмелетке толмағандардың мүдделері мен құқықтары бұзылған жағдайда 8-715-2- 36-03-83, 8-771-362-08-99 сенім телефонына хабарласуға болатынын еске салады.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі өңір тұрғындарын шомылу кезінде сақтық шараларын ұстануға шақырды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x