Мамырда қар жауады

СҚО-да алдағы үш күнде күн суытып, жауын-шашын түседі. Тіпті мамырдың алғашқы түнінде ауа температурасы – 6°C дейін төмендеп, қар жаууы ықтимал, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстанда алдағы үш күн суық болады.  Облыстың басым бөлігінде жауын-шашын болып, тұман түседі. Тіпті түнде ауа температрасуы кей аудандарда – 6 °C-қа дейін төмендемек.

«Сәуірдің 30-ы күні облыстың солтүстік-шығысында түнгі уақытта ауа температурасы – 2°C  дейін төмендейді. Облыстың оңтүстігінде, батысында жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы күндіз 25 м/с -ге дейін жетпек. Күндіз термометр көрсеткіші + 9°C көрсетпек», – деп хабарлады синоптиктер.

Ал мамыр айының алғашқы күнінде ауа температурасы күндіз + 13 °C дейін жылынғанымен, түнде кей аудандарда – 6 °C болады деп болжанып отыр. Облыстың солтүстігінде, шығысында қар аралас жаңбыр жауады.  Ал екінші мамырда тұман болуы ықтимал. Түнде +1+6 °C, күндіз +5+10 °C болады.

Тағы оқыңыз: СҚО жолдарында 16 мас жүргізуші ұсталды

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x