Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба форматы өзгерді

Қазақстан екі файлдың орнына бір файлдан тұратын жаңа форматтағы электрондық цифрлық қолтаңбаға  көшті. Оның көмегімен мемлекеттік қызметтерге кіруге де, қол қоюға да болады. Бұл туралы «Ұлттық куәландырушы орталықтың» 2024 жылға жоспарланған өзгерістер жөніндегі мәліметінде айтылған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Бұрын қазақстандықтар ЭЦҚ-ға өтініш бергенде екі кілт алатын: AUTH RSA – пайдаланушының авторизациясы үшін; RSA – алынған қызметке қол қою үшін. Ал қазір жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартқа көшті. Ол бір электрондық қолтаңбадан тұрады. Оны тіркеу бұрынғы алгоритм бойынша жүреді. Яғни, «Электрондық үкімет» порталындағы «Электрондық қолтаңбаны қашықтан алу» қызметіне тапсырыс беру арқылы да жаңа қолтаңбаны онлайн жүктеп алуға болады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, бұған дейін шығарылған ЭЦҚ кілттері мерзімі аяқталғанша әрекет етеді, оны міндетті түрде ауыстырудың қажеті жоқ.

Тағы оқыңыз: Мамырда қар жауады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x