Петропавлда кішкентай қыздарға тиісіп, әуерет жерін көрсеткен ер азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотында кішкентай қыздарға тиісіп, әурет жерін көрсеткен ер азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр шілде айында Qazaqstan Media тілшілері Петропавлда 63 жастағы азамат аулада ойнап жүрген кішкентай қыздарға тиісіп, шалбарын шешіп, әурет жерін көрсеткенін жазған еді. Бұл оқиға жаздың басында, нақтырақ айтсақ, маусымның 1-і Петропавлдағы аулалардың бірінде орын алған. Қыздардың бірінің анасы сотқа жүгінген болатын. Алайда, дәлелдердің жеткіліксіз болуына байланысты іс жабылған. Сонда балалардың ата-аналары журналистерге және НеМолчиkz. қоғамдық қорына жүгінген.  25 шілдеде бұл факт ҚР ҚК 124-бабының 1-бөлігі бойынша «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Ер азаматқа прокурор 9 жыл сұраған. Алайда, ол өз кінәсін мойындамаған.

«Айыпталушы бұл әрекетті  жасағанда мас күйде болған. ҚР ҚК-нің 124-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, жасаған әрекетінің сипатын, қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыпталушының зейнеткерлік жасын ескере отырып, оны 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. Сонымен қатар, сотталушы өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды», – деді облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының мамандары.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, тергеу барысында  ер азаматтың  Кеңес одағы кезінде де дәл осы баппен жауапқа тартылғандығы белгілі болған.

Тағы оқыңыз:Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба форматы өзгерді

 

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x