Петропавлда 63 жастағы ер адам кішкентай қыздарға тиісіп, әуретті жерін көрсеткен

Петропавлда 63 жастағы азамат аулада ойнап жүрген кішкентай қыздарға тиісіп, шалбарын шешіп, әуретті жерін көрсеткен. Қазір ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексiнің 124-бабы 1-ші бөлігі (Жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл оқиға жаздың басында, нақтырақ айтсақ, маусымның 1-і Петропавлдағы аулалардың бірінде орын алған. Ер адам он жасар екі қыздың жанына келіп, тиісе бастаған. Кейін шалбарын шешіп, әуретті жерін көрсеткен. Сол кезде қыздар қашып кетуге тырысқан. Бірақ азамат соңдарынан қалмаған.

«Тек менің аулаға шыққанымды көрген соң ғана ол қыздардың соңынан жүруін қойып қаша жөнелді. Біз маусымның 2-сі күні полицияға барып, өтініш жаздық. Олар күдіктіні тез ұстады. Бірақ, кейін босатып жіберген», — дейді зардап шеккен қыздардың бірінің анасы.

Соңғы рет қыздардың аналары тергеушімен маусымның 17-сі сөйлескен, кейін істің қалай жүріп жатқандығынан олар хабарсыз болды. Ал, жуырда дәлелдің жоқтығынан іс жабылған. Сонда балалардың ата-аналары журналистерге және НеМолчиkz. қоғамдық қорына жүгінген. Енді міне, екі айға жуық уақыт өткенде ғана іс қайтадан қозғалып отыр.

«Бұл факт Петропавл қаласы полиция басқармасының бірінші полиция бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген. Ер адамның жеке басы анықталды: ол бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, психо және наркологиялық есепте тұрмаған 63 жастағы азамат болып шықты. 25 шілдеде бұл факт ҚР ҚК 124-бабының 1-бөлігі бойынша «Жас балаларды азғындық жолға түсіру » бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады», — делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Егер азаматтың кінәсі дәлелденсе, ол жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: «Мәңгілік» би ансамблі халықаралық фестивальден жеңіспен оралды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x