Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында құрылған қоғамдық штаб әлі де жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгін қалалық мәслихат депутаты Болат Қожахметов пен әкімдік мамандары тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңір белсенділері облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің жаңа жатақханасына барды. Қазір ол жерді су тасқынынан зардап шеккен Ойқала мен Заречный ықшам ауданының 241 тұрғыны паналап отыр. Олар штаб мүшелерінен біржолғы өтемақы алу, шығынды өтеу мәселері бойынша кеңес ала алады.

СҚО-да қоғамдық штаб мүшелері тұрғындармен тығыз жұмыс істеп жатыр

«Мен Былғары зауытының тұрғынымын. Қазір жолдасым екеуміз жатақханада тұрып жатырмыз. Барлық жағдай жасалған. Үш мезгіл тамақ беріледі. Бүгін бізге қоғамдық штаб өкілдері келіп, құжаттарға қатысты барлығын оңай әрі тез түсіндіріп берді. Қиын жағдайда тап болған біз сияқты жандарға мемлекет тарапынан қолдау жақсы көрсетіліп жатыр», – деді Петропавл қаласының тұрғыны Лилия Исламова.

Тағы оқыңыз:СҚО жолдарында 16 мас жүргізуші ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x