СҚО жолдарында 16 мас жүргізуші ұсталды

26-28 сәуір аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу іс-шарасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 16 мас жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ жылдамдықты арттырудың 111 және жол қиылысы ережелерін бұзудың 17 фактісі анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу іс-шарасы аясында Уәлиханов ауданында 41 жастағы тұрғының Mitsubishi Pajero sport автокөлігінен 12 калибрлі екі патрон табылды. Оның айтуынша, ол аңшылықтан кейін оқ-дәрілерді алып тастауды ұмытып кеткен. Оған қатысты азаматтық қару айналымы ережелерін бұзу фактісі бойынша хаттама толтырылды. Жалпы, үш күннің ішінде облыста екі тіркелмеген тегіс ұңғылы қару мен 17 бірлік оқ-дәрі тәркіленді.

«Қазір барлық жұмыс желісі күшейтілді. Полиция қызметкерлері екі мыңнан астам есепке алынған адамдарды тексеріп, жалдамалы пәтерлерді, қараусыз қалған үйлерді аралады. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді міндеттер қарастырылып жатыр. 848 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды», – дейді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Тағы оқыңыз:Петропавлда үйін су басқан жалғызбасты ананың өтініші орындалды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x