Петропавлда үйін су басқан жалғызбасты ананың өтініші орындалды

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен жалғызбасты ананың өтініші орындалды. Ол осыған дейін облыста құрылған қоғамдық штаб мүшелерінен тұрмысқа қажетті заттарды сұраған еді. Бүгін оның тілегі орындалды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Су тасқынынан зардап шеккен Татьяна Задорожная –жалғызбасты ана. Ол ұл мен қызын өзі бағып отыр. Табиғи апатқа дейін олар Былғары зауыты ауданында тұрған. Қазір М. Жұмабаев көшесіндегі жатақханадан уақытша орын тауыпты. Татьяна қоғамдық штаб мүшелерімен осыған дейін кездескенде өзінің өтінішін жеткізген.

«Күн сайын қоғамдық штаб су тасқынынан зардап шеккен жандармен кездесулер өткізеді. Олар тұрғындардан қандай көмек, кеңес, қызмет қажет екенін біліп отырады. Осындай шаралардың бірінде келіншек екі баласын өзі тәрбиелеп отырғанын айтты. Балаларының бірі демкіпе ауырымен ауырады. Ол кір жаятын және киім үтіктейтін тақта, үтік пен бірінші кезекте керек заттармен, дәрі-дәрмек сұратты. Біз айтқанының  барлығын алып келдік», – дейді қоғамдық штаб мүшесі Айгүл Муратова.

Татьяна көрсетіліп жатқан көмекке дән риза. Айтуынша, су кетсе де, баспанасына оралуы екіталай. Себебі, баласы демікпемен ауырғандықтан, ылғалды жерде тұра алмайды. Бұл орайда Айгүл Муратова, шешімді арнайы комиссия қабылдайтындығын, бірақ қажетті құжаттарды реттестіре беруге кеңес берді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан бері 155 адамды ит қапқан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x