Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны кезінде өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді. ТЖД мамандары егіс алқаптарын аралап, шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осындай науқан кезінде Айыртау ауданында комбайн өртенді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға Арықбалық ауылында болған. Жұмыс кезінде комбайннан өрт шыққан. ТЖМ қызметкерлері жалынды жедел оқшаулап, толық сөндірді. Өрттің әрі қарай таралуына жол берілген жоқ.

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Қаза тапқандар да жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Жалынды сөндіруге «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Шалқар филиалының қызметкерлері де қатысты.

Комбайн өртенді: СҚО-да орақ кезіндегі қауіпсіздік тексеріліп жатыр
Комбайн өртенді: СҚО-да орақ кезіндегі қауіпсіздік тексеріліп жатыр

Қазір облыста орақ науқаны жүріп жатыр. Осыған байланысты ТЖД қызметкерлері егіс алқаптарында профилактикалық жұмыстарды күшейтті.

Инспекторлар жұмысшыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіреді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының жағдайын және өрт сөндіру құралдарының бар-жоғын тексереді. Шаруашылық басшылары мен жұмысшыларға өрттің алдын алу шаралары туралы ақпарат беріледі.

Төтенше жағдайлар департаменті орақ кезінде техниканың жарамдылығына және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына ерекше назар аударуды ескертеді.

Тағы оқыңыз: Абзалхан Тілеген: «Ақжарлық жастар сайлауға белсенді қатысады»

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *