Ақжар аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Абзалхан Тілеген аудан жастары сайлауға белсенді қатысатынын жеткізді. Азамат ұл-қыздар ел тағдыры шешілетін шараларға бейжай қарамаса, бізді жарқын болашақ күтіп тұр деп есептейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жастар – мемлекеттің қозғаушы күші, еліміздің болашағы. Құрылтайда қабылданатын бастамалар ұл-қыздардың сапалы білім алуына, жұмыспен қамтылуына, тұрақты дамуына тікелей ықпал етеді. Бұл – ақжарлық Абзалхан Тілегеннің пікірі. Оның сөзінше, жастар сайлауға белсенді қатысып, жаңа идеялар ұсыну қажет. Бір сөзбен айтқанда, туған жердің дамуына үлес қосуға міндетті.

«Құрылтай – елдегі маңызды мәселелер талқыланатын алаң. Ақжарлық жастар ел тағдыры шешілетін науқанға белсенді қатысады. Елдің дамуы үшін зор үлес қосады. Бұл мемлекетіміздің тарихындағы шешуші саяси науқан. Сондықтан әр адам саналы түрде таңдау жасау керек. Біз өз болашағымызды өзіміз таңдап, жасауымыз керек», — деді спикер.

Тағы оқыңыз: СҚО-да үш ауысымда оқитын меткеп әлі де бар

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *