Интернет арқылы көлікке VIР нөмір таңдауға болады

Енді автомобильге VIP нөмірді интернет арқылы таңдауға болады. Ақпаратты ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Mediа тілшісі.

ІІМ VIP нөмірлерді таңдап, брондау қолжетімді болатын арнайы сервис әзірледі. Ресми ақпаратқа сүйенсек, жүйе Цифрлық даму министрлігінің «Smart Bridge» сервистер витринасында орналастырылған.

Сервис мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған барлық интеграциялық платформада, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында да қолжетімді. Өткен жылы қазақстандықтар 6 млрд теңгеге VIP нөмір сатып алған.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы Қызылжар өлкесінің зиялы қауым өкілдерімен және қоғам белсенділерімен әңгімелесті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x