Қазақстанда жаңадан құрылатын Халық кеңесінің жылдық жұмысына 1,7 млрд теңге қарастырылып отыр. Қаражат тек кеңес мүшелерінің жалақысына емес, халықпен кездесулер, форумдар, сессиялар мен қоғамдық тыңдаулар өткізуге де жұмсалады, деп жазады Qazaqstan Media.

Бұл туралы қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, 1,7 млрд теңге — Халық кеңесінің бір жылдық жұмысына жоспарланған жалпы бюджет.

Қаражаттың бір бөлігі кеңес мүшелерінің еңбекақысына бағытталады. Сонымен қатар халықпен кездесулер ұйымдастыруға, түрлі форумдар мен сессиялар өткізуге, іссапар шығындарына және қоғамдық тыңдауларға қаржы қарастырылған. Бұдан бөлек, ақпараттық жүйені қамтамасыз ету мен кеңестің басқа да қызметіне байланысты шығындар бар.

Вице-министр Халық кеңесінің мүшелері жалақы алатынын растады. Алайда оның нақты мөлшері жарияланған жоқ. Халық кеңесі консультативтік орган ретінде жұмыс істейді және қолданыстағы мемлекеттік органдардың қызметін алмастырмайды. Кеңес ішкі саясат мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге, заң жобаларын әзірлеуге қатысуға, референдум өткізу туралы бастама көтеруге, қоғамдық талқылаулар ұйымдастыруға және қоғамдық бақылауға қатысуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар Халық кеңесіне заң шығару бастамасы құқығын беру көзделген. Мұндай бастамаларды қабылдау үшін кеңес мүшелерінің көпшілігінің қолдауы қажет болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның балалары ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындарына қатысуда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *