СҚО-ның 78 спортшысы Ақтөбе қаласында өтіп жатқан ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындарында өңір намысын қорғап жатыр. Жарыс 14-23 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

14–23 қыркүйек аралығында өтетін спорттық додаға ауылдық жерлерден келген жас спортшылар қатысуда. СҚО құрамасы жарыстың 8 түрінен бақ сынайды. Олар — асық ату, баскетбол 3х3, волейбол, дзюдо, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және футзал.

Өңірлік құраманың сапында 78 спортшы бар. Оларға 14 бапкер, төреші және ресми өкіл қолдау көрсетуде. Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысының жалпы делегациясы 92 адамнан құралған.

«Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындарында барлығы спорттың 10 түрінен жарыстар өтуде. Ойындардың салтанатты ашылу рәсімі 16 қыркүйекте «Мұз айдыны» облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өтті. Бәсекелер 23 қыркүйекке дейін жалғасады», — делінген СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы берген хабарламада.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/wp-admin/post.php?post=134787&action=edit

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *