[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/кызыл-оба-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында Уәлиханов ауданындағы «Қызыл оба» қорымында зерттеу жұмысы жалғасады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірдің батыс бөлігінде орналасқан «Қызыл оба» қорымы 2019 жылы көпшілікке танылды. Қорым Алтын Орда дәуіріне жатады. Қойнауы сырға толы мекенде осыдан 8 мың жыл бұрын адамдар өмір сүрген. Оған қазба жұмыстары кезінде анықталған адам сүйектері, кесенелер, әшекей бұйымдар, өндірістік пештер мен тұрмыстық мақсаттағы құрал-жабдықтар дәлел. Биыл тарихи аумақта археологиялық қазба жұмыстары және табылған сүйектерді жер қойнына тапсыру жұмыстары жалғаспақ. Оған туристер де ат салыса алады.

«Өңірімізде мұндай бастама алғаш рет қолға алынбақ. Тарихқа, археологиялық қазба жұмыстарына қызығатын адамдар көп. Сол жандардың арманын орындағалы отырмыз. Қазба жұмыстарын жүргізу үшін «Ботай» қонысына да туристерді шақырамыз. Ниет танытушы жандар отбасыларымен келе алады. Бұл демалыс әрі өткенге сапар болмақ»,- дейді СҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Ракат Мамбеталинов.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x