[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/ef7bb579b0c3ea79415ec92bff3da7b8-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Биыл Қызыл-Жар халықаралық әуежайынан түнгі уақытта да ұшуға болады. Өткен жылы жазда сенімгерлік басқаруға берілген нысанда бүгіндері тиісті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.  

Әуежай – облыстағы стратегиялық маңызы бар нысандардың бірі. 6 жыл бұрын мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Сөйтсе де, ісі оңға баспаған нысан жабылудың аз-ақ алдында тұрған еді. Кейін оны жергілікті билік өкілдері сатылымға шығарды. Ал өткен жылы жазда әуежай сенімгерлік басқаруға берілген.

«Әзірге әуежайда түнгі рейстер жоқ. Бұл кемшілікті жою үшін ұшу-қону жолағындағы жарықтандыру және сигнал беру жабдықтары жөнделді. Көктемде сертификаттық рейс жоспарланған, одан кейін жергілікті әуежай түнде де ұшақтарды қабылдай алады. Осының арқасында рейстердің саны өспек.  Инвесторлар әуе айлағын дамытудың жоспарын дайындауда», деді нысанның жұмысымен танысқан облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x