“Бастау бизнес” жобасы арқылы берілетін гранттың мөлшері 2 есеге өсті. Биыл оқыту курсынан өткен азаматтарға 1 млн 380 мың теңге беріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

“Бастау Бизнес” жобасы жеке ісін ашамын деген жандарға кәсіптің қыр-сырын үйрететін жоба екенін білеміз. Еске салсақ, 2022 жылдан бері оқыту курстары онлайн-режимде өткізіліп келеді. Болашақ кәсіпкерлерден талап етілетіні: белгілі бір сала бойынша жоба дайындап, оны қорғап шығу. Егер бизнес-идея бақылаушылардың көңілінен шықса, қайтарымсыз грантқа ие болуға болады. Не болмаса несие де  беріледі.

“Үстіміздегі жылы грант мөлшері 1 млн 380 мың теңгені құрап отыр. Демек, қаржылай қолдау 2 есеге өскені байқалады. Берілген қаражатқа құс, мал немесе тұқым сатып алуға болады. Сонымен қатар, бизнеске керекті техника мен жалға алынған нысанның ақшасын төлеу мүмкіндігі қарастырылған”, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасов.

Айта кетерлік тағы бір жайт бар: ағымдағы жылдан бастап гранттар тек жұмыссыз және кәсіппен халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан жеке кәсіпкерлерге беріледі. Өтініштер Business.enbek.kz порталында онлайн режимде қабылданады. Өткен жылы өңірде 688 адам қайтарымсыз гранттарға ие болды. Оның ішінде 21%-ы көпбалалы және аз қамтылған отбасы болса,  48%–ы 29 жасқа дейінгі жастар, 66 – мүгедектігі бар жандар, 114-і қоныс аударушылар мен қандастар.

Тағы оқыңыз: 2023-те облысқа 2660 адам қоныс аудармақ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x