қоныс аудару

Үстіміздегі жылы облысқа жұмыс күші басым өңірлерден тағы 2660 адам көшіп келеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 138 қандас елге оралмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аққайыңдар өлкесі  жұмыс күші басым өңірлерден азаматтарды көшіру шарасына белсене қатысып келеді. Бұл облыста өткір тұрған кадр мәселесін шешуге септеспек. Айта кету қажет, 2022-де облысқа 2 556 адам (681 отбасы) қоныс аударды. Еңбекке қабілетті 974 кісінің 820-сы жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 652-сі тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Ал 168 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысуда. Сондай-ақ, көшіп келген 111 азаматқа 136 млн.теңге сомасына өтеусіз гранттар мен кредиттер берілді.

«Оңтүстік өлкенің тұрғындарын көшіру жұмыстары биыл да жалғасын табады. 2660 адам қоныс аударады деп көзделіп отыр, тағы 138 қандас осында көшіп келуге ниетті. Қазіргі уақытта оларды орнықтыру үшін елді мекендердің тізімі бекітілді. Келген азаматтарға материалдық көмек көрсету, оның ішінде көшуге және тұрғын үйді жалға алуға субсидиялар төленбек. Сондай-ақ, биыл тұрғын үй сатып алу не жаңасын салу үшін экономикалық ұтқырлық сертификатын немесе 4 млн теңгеге дейінгі мөлшердегі ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаны ұсыну көзделген», – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасов.

Осы уақытқа дейін Солтүстік Қазақстанға 148 жанұя көшіп келді. Басым көпшілігі Астана қаласынан (31%), Түркістан облысынан (26%), сонымен қатар Шымкент қаласының тұрғындары тізімді толықтырды. Тағы 48 адамнан тұратын 25 қандас отбасы қазір облыста тұрып жатыр.

Тағы оқыңыз: Биыл 5 теріскейлік жасқа жеңілдетілген шағын несие берілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x