Алимент төлемей жүрген 56 борышкер жауапқа тартылды

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген 56 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 31-і қамауға алынып, 25-не айыппұл салынды. Бұл жайында облыс Прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінде өңірде кәмелет жасына жетпеген 8 мыңнан астам бала алимент алады. СҚО Прокуратурасы өкілдерінің мәліметінше, 2021 жылдан бері жалпы борыш сомасы 1,1 млрд. теңгеден 175,4 млн. теңгеге дейін азайған. Алайда, саналы түрде өз балаларына алимент төлемей жүрген жандардың қатары әлі де азаймай тұр. Мұндай кісілерге қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

«Биылғы жылдың өзінде 56 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 31-не қамауға алу түріндегі жаза қолданылып, қалған 25-не айыппұл салынды. Қасақана алимент төлемеуден бас тартқан 4 адам қылмыстық жауакершілікке тартылды. Бала құқығының сақталуын қамтамасыз ету – басты назарда», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Петропавлда Халықаралық балалар күніне орай ауқымды шара өтті

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x