17 күнде балаларды автокреслосыз тасымалдаудың 168 дерегі тіркелді

СҚО полицейлері 17 күнде кішкентай балаларды автокреслосыз тасымалдаудың 168 дерегін тіркеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ереже бұзу фактілері «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды. Ол 15-31 мамыр аралығында өтті. Бұл күндері тәртіп сақшылары оқушылармен кездесіп, жолдағы қауіпсіздік ережелерін тағы бір мәрте еске салды. Балаларға велосипедпен жүргенде нені білу қажеттігі де айтылды. Көліктің бұл түрін 14 жастан, скутерді 16 жастан бастап басқаруға болады.

«Профилактикалық шара барысында жолдың белгіленбеген жерінен немесе бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін 289 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 275 көлік иесі жаяу жүргіншілерге тиісті жерде басымдық бермеген. Тағы 168 автокөлік жүргізушісі балаларын автокреслоға отырғызбай, тасымалдағаны белгілі болды», – деді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.

Тағы оқыңыз: Алимент төлемей жүрген 56 борышкер жауапқа тартылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x