халықаралық балаларды қорғау күні

Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай облыс әкімі Айдарбек Сапаров «Арман» балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, балғындарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлдағы «Арман» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 1999 жылы ашылды. Қазіргі уақытта мұнда 6-ы мен 18 жас аралығындағы 12 тәрбиеленуші бар. Оларға барлық оңалту қызметтері көрсетіледі.

«Балалар осы орталықта тұрады. Демалыс күндері ата-аналары үйлеріне алып кетеді. Мұндағы 7 ұл мен 5 қызға 8 бағыт бойынша әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Балғындар медициналық көмекпен қамтылған. Массаж, жаттығу терапиясы бар. Бұдан бөлек, бассейінге түсіп, атпен де серуендеуге мүмкіндік жасалған. Балалардың барлығы өнерлі. Республикалық сайыстарға қатысып, үнемі жүлдегерлер қатарынан көрінеді», – дейді «Арман» балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Татьяна Лузакова.

Халықаралық балаларды қорғау күні мұнда облыс әкімі Айдарбек Сапаров келіп, тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы орталыққа сенсорлы бөлмеге арналған теледидар сыйлады.

халықаралық балаларды қорғау күні

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, біз балаларды қорғауымыз керек. Себебі, сіздер біздің болашағымызсыздар. Сондықтан біз әрқашан сіздерге көмектесуге дайынбыз. Қазіргі уақыта өңірдегі білім сапасын жақсарту үшін қомақты қаражат бөліп жатырмыз. Мұның барлығы балалардың түрлі бағытта дамуы үшін жасалынып жатқан шаралар. Ең бастысы дендерің сау болсын. Сабақтарыңды жақсы оқыңдар», – деді СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.

«Арман» орталығының тәрбиеленушілері қаладағы №13-ші орта мектепте инклюзивті білім алады. Оқу орнына балғындарды жеткізетін арнайы автобус бар. Алайда бүгіндері көлік ескірген. Мұны естіген аймақ басшысы жаңа оқу жылында орталыққа су жаңа автобус алынатындығын жеткізді. Ол үшін бюджеттен қаражат бөлінетін болады.

халықаралық балаларды қорғау күні

Қазіргі уақытта облыста 9 медициналық-әлеуметтік мекеме бар. Оның 3-еуі облыс орталығында орналасқан. Жалпы, өңірде 25 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам бар. Ал 2000-нан астам баланың тірек-қимыл аппараты бұзылған.

«Петропавлда «Арман» әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан басқа, психоневрологиялар аурумен ауыратын балаларды емдеу орталығы және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсететін оңалту орталығы бар. Оларға мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетіледі. Оңалту орталықтарында күндізгі стационар жұмыс істейді. Онда балалар қажетті барлық ем-дом шараларымен қамтылған», – дейді СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасов.

 

Тағы оқыңыз: МӘМС жайлы ақпаратты 1414 нөмірінен білуге болады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x