36 зейнеткер алданып қалды

Жыл басынан бері облыс аумағында 36 зейнеткер алаяқтардың құрығына түсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Интернет арқылы адам алдайтындар көбіне егде жастағы адамдардың ақшасын олжалап кетеді. Сол үшін өңір полицейлері жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көшкен. СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың бастамасымен ауқымды акция ұйымдастырылды. Мамандар қариялардың үйлеріне барып, сақтық шараларын еске салды.

«Соңғы уақытта петропавлдық қариялар жиі алданып, қаржыларынан айырылып қалып жатыр. Алаяқтар өздерін полиция не медицина қызметкерлері ретінде таныстырып, адамның туыстарының бірі қылмыс жасады деп хабарлайды. Телефон соқққандар зардап шеккен адам өтініш жазбауы үшін ірі көлемде ақша беру керек деп сендіреді. Әдетте, мұндай әңгімеге қарт адамдар сеніп, жақындарына көмектесу үшін қолындағы барын беріп жібереді», – дейді Қанат Айтпаев.

Осындай айла-тәсілді қолданған аляқтардың арбауына биыл 36 қария түсіп қалған. Жәбірленушілердің бірі 5 миллион теңгесінен айырылды.

Тағы оқыңыз: Kaspi.kz-те жаңа қызмет түрі пайда болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x