қоныс аударушы

Халқы тығыз орналасқан өңірлерден жұмыс күші тапшы облыстарға қоныс аудару. Осы бағдарламаның аясында 2017-2021 жылдары Тайынша ауданына 1047 адам көшіп келген. Солардың бірі – Бекзат пен Карина. Qazaqstan Media тілшісі қоныс аударышылармен тілдесіп қайтты.

2022-ші жылдың қыркүйек айында Тайынша ауданына Бекзат Әубәкірдің ата-анасы көшіп келген. Кейін қазан айында Бекзат пен Карина да осы жаққа келуді ұйғарған. Мұндай шешім қабылдаудың басты себебі – Астана қаласында мамандық бойынша жұмыстың болмауы.

қоныс аударушы

«Мен программист, ал жұбайым мамандығы бойынша заңгер. Астанада осы салаларда еңбек ететіндер көп. Сол себепті, жұмыс табу қиын болды. Осылайша, біз Каринамен ақылдасып ауданға көшуге бел будық», – дейді Бекзат Әубәкір.

Бекзат пен Каринаның шаңырақ көтергендеріне 3 жыл. Қазір Алдияр есімді ұлды тәрбиелеп отыр. Бұл жаққа келгесін ерлі-зайыптылар бірден жұмыс тапқан. Бекзат аудандық әкімдікке, ал Карина халықты жұмыспен қамту орталығына орналасқан. Кейін Бекзат «Элеватор Тайынша» ЖШС-не IT маман болып кірген.

«Жұмысым өзіме ұнайды. Ең бастысы мамандығым бойынша еңбек етудемін. Жалақым да 150 мың теңгеден асады. Жалпы Тайынша ауданына көшіп келгенімізге еш өкінбейміз. Астана мен Петропавлдың арасы жақын. Оның үстіне ата-анамыз жанымызда», – дейді Бекзат Әубәкір.

Жалпы өткен жылы Тайынша ауданына 207 адам көшіп келген. Соның 109-ы еңбекке қабілетті. Барлығы дерлік жұмыспен қамтылған. Ал биылғы жылы аудан 208 адамды қабылдауға дайын.

 

Тағы оқыңыз: 158 солтүстікқазақстандық қаңғыбас иттен зардап шекті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x