Президент білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және жоғары оқу орнын одан әрі дамыту стратегиясымен танысты. Университетте 6 мыңнан астам студент оқиды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Университет базасында жаңа оқу-зертхана корпусы іске қосылған. Онда студенттер мен оқытушылардың түрлі тәжірибелер және ғылыми зерттеулер жүргізуіне барынша жағдай жасалған.

Президент сапары

Президент ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарына арналған лабораторияны аралап көрді. Онда студенттер ГИС-технология арқылы жерді қашықтан зондтау деректеріне талдау жасауды үйренеді. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа конфигурациясы күрделі детальдар алу жөніндегі инновациялық әдістер, симуляциялық оқыту және практикалық дағдылар орталықтары көрсетілді.

Президент сапары

Тағы оқыңыз: СҚО-да есірткі саудасымен айналысқан әйел 10,5 жылға сотталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x