Петропавлда жанып кеткен жабық футбол кортында жаттығып жүрген балалар далада қалмайды. Олар жаттығуын өзге спорт мектептерінде жалғастырмақ, деп жазады Qazaqstan Media.
Жанып кеткен футбол манежі алты жыл бұрын салынған екен. Оның құрылысына 45 млн теңге жұмсалды. Айта кетейік, қаңқасы ғана қалған жабық футбол корты қаладағы жалғыз осындай нысан болған. Онда 420-дан астам бала жаттығып жүрген.
«Қызылжар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде болған өртке байланысты жаттығулар өзге нысандарға ауыстырылады. Енді балғындар «Жеңіс» және «Олимп» балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жаттығуын жалғастырады. Қазір жаттығу кестесі әзірленіп жатыр. Оны ата-аналарға хабарлаймыз. Ал әкімшілік ғимарат өрттен зардап шеккен жоқ. Дегенмен мамандар әзірге «Қарасай» стадионында орналасқан ғимараттардың біріне көшіріледі», — деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметшісі Нина Усенко.
Тағы оқыңыз: AMANAT партиясының белсенділері зейнеткерлерге көмектесті