Жамбыл ауданы халықаралық World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күні экологиялық акциясына қосылды. Ауқымды шара еліміздегі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғауға қоғамның назарын аудару, елді мекендердің тазалығын сақтау және табиғатқа деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

Жамбыл ауданында World Cleanup Day аясында көшеттер отырғызылып, сенбіліктер өтті
Жамбыл ауданында World Cleanup Day аясында көшеттер отырғызылып, сенбіліктер өтті

Акция аясында «Лесная поляна» лагерінің аумағына түрлі ағаштардың көшеттері отырғызылды.
Сонымен қатар ауданның 13 ауылдық округінде сенбіліктер ұйымдастырылуда. Оған тұрғындар, еңбек ұжымдары мен ұйым қызметкерлері қатысты. Көшелерді, қоғамдық орындарды, аулалар мен оларға іргелес аумақтарды тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Жамбыл ауданында World Cleanup Day аясында көшеттер отырғызылып, сенбіліктер өтті
Жамбыл ауданында World Cleanup Day аясында көшеттер отырғызылып, сенбіліктер өтті

«Тазалық- қоршаған ортаны қорғаудан басталады. Бүгін отырғызылған әрбір көшет – ауданымыздың көркеюіне қосылған үлес. Ал сенбілікке тұрғындардың белсенді қатысуы туған жерге деген жауапкершіліктің көрінісі», – дейді ұйымдастырушылар.

World Cleanup Day – әлемнің көптеген елдерінде қоршаған ортаны таза ұстауға үндейтін халықаралық экологиялық бастама. Жамбыл ауданындағы акция да елді мекендердің тазалығын сақтауға және жасыл желекті көбейтуге бағытталған.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы «Qyzyljar» эко-паркінде Дүниежүзілік тазалық күні 120 көшет егілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *