Петропавлда Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы саяжолы» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Оның аясында оқушылар мен ата-аналары «Тұңғыш Президент» саябағына ағаш екті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шараға қала мектептерінің оқушылары, олардың ата-аналары, ата-әжелері мен бауырлары қатысты. «Тұңғыш Президент» саябағына барлығы 100-ге жуық адам жиналды. Шараның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттыру.

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында біз әр айда түрлі мерекелерге байланысты іс-шаралар өткізіп келеміз. Бүгінгі шараның басты мақсаты – отбасы мүшелерінің бірге уақыт өткізуіне мүмкіндік жасау және балалардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру. Халықаралық отбасы күніне арналған бұл бастама барлық қазақстандық отбасыларды ортақ іске жұмылдыруға бағытталған», — деді СҚО білім басқармасы «Әдістемелік орталығы» директорының орынбасары Дианна Қазбекова.

Акция облыстың барлық аудандарында қатар ұйымдастырылды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қатысушылардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Олар саябаққа қайың мен шырша көшеттерін отырғызды.

«Бүгін отбасымызбен бірге ағаш отырғызуға келдік. Осындай игі шаралар көптеп өткізілсе екен деймін. Бұл табиғатты қорғауға ғана емес, отбасы мүшелерінің бірлігін нығайтуға да әсер етеді деп ойлаймын», — деді шараға қатысушы Ұластан Қалкенов.

Акция барысында Тұңғыш Президент саябағында 40-қа жуық ағаш отырғызылды. Жалпы облыс бойынша 3200-ге жуық көшет егілді.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда мейірбикелердің еңбегі еленді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *