Солтүстік Қазақстан облысында Халықаралық мейірбикелер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, медицина ұйымдарының өкілдері мен құрметті қонақтар қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жиында өңірдегі мейірбикелердің еңбегі ерекше атап өтілді. Ұйымдастырушылар олардың адам өмірі мен денсаулығын сақтаудағы рөлі зор екенін айтты.

Солтүстік Қазақстанда мейірбикелердің еңбегі еленді
Солтүстік Қазақстанда мейірбикелердің еңбегі еленді

Салтанатты шарада СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәкен Әмрин құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар медицина қызметкерлерін марапаттады. Көпжылдық адал еңбегі үшін  бірнеше қызметкерге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

«Мейірбикелер-дәрігерлердің сенімді серігі әрі науқастарға үміт сыйлайтын жандар. Жауапты, маңызды жұмыс иесі. Сіздер әр дайым науқастардың қасынан табыласыздар. Оларға қолдау жасап, өмірге деген құлшынысын оятасыздар. Әр қайсыларыңыз күнделікті еңбектеріңіз арқылы, медицина саласыныңм дамуына елеулі үлес қосып келесіздер»,-деді басқармасы басшысы.

Мереке барысында AMANAT партиясының, SENIM салалық кәсіподағының және AQNIET кәсіподақ ұйымының атынан да үздік медицина қызметкерлеріне марапаттар берілді. Олардың қатарында облыстық ауруханалар, емханалар, аудандық ауруханалар, перинаталдық орталық, қан орталығы және басқа да медициналық мекемелердің мейірбикелері бар. Қазіргі кезде өңірде бес мыңа жуық мейірбике еңбек етіп келеді.

Солтүстік Қазақстанда мейірбикелердің еңбегі еленді
Солтүстік Қазақстанда мейірбикелердің еңбегі еленді

Салтанатты бөлімнен кейін медицина қызметкерлеріне арналған мерекелік концерт ұсынылды. 

Тағы оқыңыз: Бірнеше пәтері бар азаматтар салықты көп төлеуі мүмкін 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *