Облыс орталығында «Pro Future 2026» кәсіптік бағдар беру форумы өтті. Айта кету керек, шара жыл сайын өтеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Биылғы шара цифрландыру және жасанды интеллект жылына арналды. Сондықтан, IT-сала мен креативті индустрияға ерекше көңіл бөлінді . Форумға 300-ден астам жас қатысты.
Шара аясында панельдік сессиялар өткізілді. Спикер ретінде еліміздің бас қаласынан шақырылған «Astana HUB» сарапшылары мен ойын жасау индустриясының мамандары дәріс оқыды. Олар даман игіліктерінің пайдасын түсіндіріп, IT-мамандықтардың болашағы туралы баяндап берді. Сонымен қатар, дизайн және компьютерлік бағдарламалау бойынша кеңес берді.
«Форумда білім беру мекемелері мен жұмыс берушілердің көрмесі ұйымдастырылды. Балалар VR-технологияларды, дрондарды сынап көріп, кәсіби бағдар берушілерден кеңес алды. Көздегеніміз – IT маманы болып табыс табуға болатынын және бұл саланың қолжетімді екенін көрсету», — деді «Қызылжар» креатив орталығының директоры Нұргүл Болатова.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жануарлардан зардап шеккендер саны 67 пайызға өскен

