Петропавлда коммуналдық мекеме директоры мен орынбасары 258 млн теңге жымқырған

Петропавл қаласы әкімдігіне қарасты «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» КМК директоры Павел Булаев пен оның орынбасары 258 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Петропавл қаласы әкімдігінің «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» КМК директоры мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Лауазымды бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

«Лауазымды тұлғалар 2020-2021 жылдар аралығында үлестес кәсіпорындармен кәріз желілерін реконструкицялау, сорғы станцияларын жөндеу және арнайы техниканы жалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде шарттар жасасу жолымен 258 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

 Осыған дейін Qazaqstan Media редакциясы облыстық мәслихат депутаты қамауға алынғандығын жазған болатын.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда мереке күндері ХҚКО жұмыс істемейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x