Мерекелерге байланысты наурыз айында Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталығы  мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Qazastan Media тілшісі.

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 8-ші наурыз күні және  21-25 наурыз аралығында ХҚКО азаматтарды қабылдамайды. Дегенмен, кезекші орталықтар сенбі күні, яғни 9-шы және 25-ші наурыз күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ал 26 наурыздан бастап орталық мамандары әдеттегі жұмыс режиміне оралады.

«ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші орталықтар – жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді.Кезекші орталықтардың мекенжайларын тұрғындар мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ, 1414 телефоны арқылы білуге болады», – делінген халыққа қызмет көрсету орталығы таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз:Биыл Сергеев су қоймасына келетін су нормадан 57% көп болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x