Қазақстанның 12 өңірінде заңсыз қару айналымының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, сонымен қатар,прокуратураның үйлестіруімен биыл тамыз айында арнайы іс-шаралар өткізген. Нәтижесінде заңсыз 56 қару, оның ішінде 4 автомат, 34 мылтық және 18 тапанша тәркіленді. Сонымен қатар 13 граната мен 314 оқ-дәрі алынған.

«Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге ақпарат жарияланбайды», — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Шұғыл ауруханаға түссеңіз, жақындарыңызға хабарлама келеді

Поделиться:

Shares