Қазақстанда автомобиль жолдары туралы барлық ақпарат бір жүйеге жинақталады. E-Joldar платформасынан жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары туралы мәлімет алуға болады. Сондай-ақ онда жол сапасы, зертханалық сынақтар және жол бойындағы инфрақұрылым туралы ақпарат болады , деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жаңа жүйе Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыруға бағытталған. Оның негізгі мақсаты – жол саласындағы ақпараттың ашықтығын арттырып, қоғамдық бақылауды күшейту. E-Joldar-дың басты ерекшелігі – барлық мәліметтің нақты жолға немесе оның белгілі бір учаскесіне байланыстырылуы. Осы арқылы пайдаланушылар жолдың техникалық жағдайын, жөндеу тарихын, қолданылған материалдар мен зертханалық бақылау нәтижелерін көре алады.

Платформа қолданыстағы цифрлық жүйелерді алмастырмайды. Керісінше, KazToll, JolBitum, RCMBase, KazRoadLab, eOtinish және Sapar секілді жүйелердегі ақпаратты біріктіріп, бірыңғай деректер алаңын қалыптастырады. Мысалы, тұрғын жолдың сапасына шағымданса, оның өтініші нақты жол учаскесіне тіркеледі. Сол жерге қатысты зертхана қорытындысы мен бұрын жасалған жөндеу жұмыстары да жүйеде көрсетіледі.

Жүйеде жолдардың жағдайын талдау мен болжау мүмкіндігі де қарастырылған. «RoadIQ» арқылы жолдың жай-күйі, жөндеу тарихы және көлік қозғалысының қарқындылығы сараланады. Жөндеуді қажет ететін учаскелерді алдын ала анықтауға болады.

Тағы оқыңыз: «Сырымбет» кен орнындағы құрылыстан Энергетика және ТҮКШ басқармасының бұрынғы басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *