Қазақстанның жоғары оқу орындарында шетелдік студенттердің қатары артып келеді. Биыл Солтүстік Қазақстан облысына Әзербайжан Республикасынан білім алуға келген алғашқы студенттер тобы жетті. Олардың барлығы Kozybayev University студенті атанды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Университетке Әзербайжаннан келген алғашқы топтың құрамында 32 студент бар. Олар бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алады. Шетелдік жастардың таңдауы негізінен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға түскен. Атап айтқанда, олар қаржы, экономика, химия, инженерия және ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша оқиды.
Әзербайжандық жастар үшін Солтүстік Қазақстандағы оқу – кәсіби білім алып қана қоймай, Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрімен танысуға да мүмкіндік береді.
«2026 жылы Kozybayev University-де 100-ден астам Әзербайжан азаматын оқыту жоспарланып отыр. Бұл университеттің халықаралық байланыстарының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді», — деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Қазақстанның 12 өңірінен заңсыз айналымда жүрген 13 граната табылды

