Антикор: Ерлан Қожағапанов Петропавлда өткен форум кезінде қаражатты негізсіз жұмсаған

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың не үшін ұсталғандығы белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

 1-ші наурыз күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановты ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұстаған болатын. Ал бүгін Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов осы істің мән-жайын айтып берді. Оның сөзінше, экс-вице-министр 2018 жылы Петропавлдағы Қазақстан мен Ресей форумын өткізу үшін сметалық құжатта бағаны өсіріп көрсеткен.

«Коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. Нәтижесінде, форумның сметасы 2 есеге өсіп кеткен. Бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты», – деді Арман Тілеукенов.

Қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүлік анықталды және оған тыйым салынды. Күдіктіге қатысты соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда.

Тағы оқыңыз: Петропавлда коммуналдық мекеме директоры мен орынбасары 258 млн теңге жымқырған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x