Петропавлда көлік жөндеу станциясына қатысты 37 алаяқтық дерегі анықталды. Полиция күдіктіні ұстады. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Тергеу мәліметінше, өткен жылдың тамыз айынан бастап азаматтар аталған станцияға көлігін жөндетіп, қосалқы бөлшектерге ақы төлеген. Алайда бірқатар жағдайда жөндеу жұмыстары орындалмаған немесе тиісті деңгейде көрсетілмеген. Тіпті бір адамға 1,5 миллион шығын келтірген.
Кейбір көлік иелері мәселені өздері шешуге тырысып, полицияға бірден хабарласпаған. Департамент мәліметінше, станцияны іс жүзінде 26 жастағы Петропавл тұрғыны басқарған. Ал ресми құжаттарда директор ретінде басқа адам көрсетілген.
«Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық іс 37 эпизодтан тұрады. Полиция жәбірленушілердің анықтап, тергеу жүргізіп жатыр», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда ең төменгі жалақыны тәрбиешілер мен балықшылар алады

